Институт қызметі

Қызметі

Институттың тақырыбы: Нәтижеге бағытталған білім беруде педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.

Институттың мақсаты: Еңбек нарығындағы сұраныс пен оңтүстік аймақтың интеллектуалдық,  әлеуметтік-экономикалық даму талаптарына сәйкес жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың, әркімге өзінің білім алуға бағытталған жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін   үздіксіз білім беру жүйесін жетілдіру мен дамыту.

Институттың міндеттері

— Мемлекеттік білім саясатының қағидалары негізінде білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың басым стратегияларын анықтау;

— Педагогтарды ғылыми-теориялық және практикалық білім-біліктермен қаруландыру;

— Нәтижеге бағытталған білім берудің ғылыми-практикалық әдістемесін жасау;

— Аймақтың, облыстың білім беру қызметкерлері біліктілігін арттыруда жаңа педагогикалық технологияларды оқу процесіне кеңінен енгізу;

— Тәжірибелік-алаңдарды және зерттеу жұмыстарын басқару мен ұйымдастыру.

—  Озат педагогикалық тәжірибені тарату, педагогтерге әдістемелік нұсқаулар беру.

—  Ақпараттық-әдістемелік материалдарды шығару.

Институт қызметінің мақсат-міндеттері білім беру жүйесін реформалау талаптарына сәйкес алынған. Курстық шараларға дайындық барысында білім беру жүйесінің негізгі сатыларында болып жатқан өзгерістерді назарға ала отырып, біліктілік арттыру курстарында сол өзгерістердің толығырақ қамтылуы талап етіледі. Сол себепті, курстық шараларда сәйкесті саланың білім беру стандарттары өзгерістеріне арнайы талдау жасалып, тиісті нұсқаулар беріліп отырады.

Тақырыптың мақсат-міндеттерінің өзектілігі мен нақтылығы жылдық жоспарды жасауда ғана емес, оны жүзеге асыруда да үнемі басты назарда.  Институт мақсаты мен міндеттерін анықтауда білім саласындағы соңғы өзгерістер басшылыққа алынады. Негізгі бағыт ҚР 2011-2020 ж арналған білім дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.

Бағыттар:

— Жоғары білімге дейінгі қосымша білім беру;

— Білім беру мекемелерінің педагог мамандарының біліктілігін  жетілдіру;

— Денсаулық сақтау мемлекеттік ұйымдары мамандарының біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау;

— Мекемелер мен кәсіпорындарға т.б. жұмыс берушілерге  келісімшарт негізінде мамандар даярлау;

— Басқарушы кадрлардың біліктілігін жетілдіру;

Курстар

1. Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру

— Үздіксіз білім берудің   «Мектеп-колледж-университет» жүйесін қалыптастыру;

— Жоғары оқу орындарына түсу емтихандарына дайындық шараларын ұйымдастыру  арқылы (ҰБТ, КТ емтихандарына, лицей, зияткерлік мектептердің түсу емтихандарына дайындық сабақтары) талапкерлердің мамандық таңдауына, әрі  оның  болашақта университетіміздің  студенті атануға  деген ықыласын арттыру;

2. Қосымша кәсіптік білім беру

Гуманитарлық-педагогикалық сала бойынша

— Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің педагог мамандарына арналған біліктілік жетілдіру курстары

— Жалпы білім беру мекемелерінің  педагогтарына арналған біліктілік жетілдіру курстары

— Орта білімнен кейінгі білім берумекемелерінің педагогтарына  арналған біліктілік жетілдіру курстары

— Жоғары оқу орындары оқытушыларына арналған біліктілік жетілдіру курстары

Медицина саласы бойынша

— Денсаулық сақтау мемлекеттік ұйымдарының мамандары мен педагог дәрігерлердің  біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау курстары

Басқару менеджменті бойынша

— Менеджмент бағдарламалары бойынша басшы кадрлар біліктілігін жетілдіру курстары

3. Кәсіптік оқыту

— Мамандарды даярлау курстары

— Мамандарды қайта даярлау курстары

— Біліктілікті жетілдіру курстары

Семинарлар

Институт төмендегі мәселелер бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың әртүрлі салаларының мамандарына арнайы курстар мен семинарлар өткізеді:

— Шетелдік  ғалымдардың білім беру, оқу-әдістемелік,  ғылыми-зерттеу салалары  бойынша  шеберлік дәрістері

— Отандық ғалымдардың    білім беру, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу салалары  бойынша  шеберлік  дәрістері

— Университеттің  оқытушы-профессорлар  құрамының  оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу салалары бойынша шеберлік дәрістері